"Қайғылы аяқталуы мүмкін". Бапкер "Канело" - Головкин айқасы жайлы

30 мамыр 2022, 19:23

Екі салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, қазіргі таңда бокс бапкері Рикки Хаттон қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Биволдан жеңіліс "Канелоға" күш бере түседі.

 

"Әлбетте, "Канелоға" Биволдан жеңілгенін ұмыту керек. Меніңше, Флойд Мейвезерден жеңіліс бұдан ұяттау болды. Өйткені Биволмен айқасу үшін ол өзіне жат салмаққа көтерілді. Сондықтан бұл жағдай оны ақтап отыр деген ойдамын.

"Канело" Мейвезермен жекпе-жектің әр раундын жеңілді, бірақ, одан кейін тек мықты болып оралды. Бұл жеңіліс "Канелоның" қазіргі биікке жетуіне тікелей әсер етті деп ойлаймын. Сол себепті Биволдан жеңіліс әсері Мейвезерден жеңілгендегідей болса, бұл Головкин үшін қайғылы аяқталуы мүмкін", - деп жазыпты Хаттон Metro басылымындағы айдарында.