Қазақ боксшы екінші жекпе-жегінде-ақ WBC титулын жеңіп алды
Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 КО) бірінші орта салмақта WBC International  титулы үшін жекпе-жекте британиялық Маклей Макгоуэнды (14-1-1, 3 КО) жеңуіне қатысты пікір білдірді.
 
Бұл кездесу Йоркширде (Англия) өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі болды. Он раундтық айқастың қорытындысы бойынша Тұрсынбай төрешілердің бірауыздан шешімімен (99-89, 99-89, 99-89) жеңіске жетті. Ал жетінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірген еді.
 
"Кәсіпқойағы екінші жекпе-жегімде-ақ Англияда болғаныма қуаныштымын - бұл бокс елі, мұнда ол жыл сайын қарыштап дамуда. Жергілікті жанкүйрелерге жақсы жекпе-жек көрсеттім деп үміттенемін. Екінші жекпе-жегімде WBC белбеуін жеңіп алғаныма бақыттымын. Бұйырса, келесі жылы толыққанды титул үшін жұдырықтасамын", - дейді Құлахмет кездесуден кейін.