Қазақ боксшы Ташкенттегі ӘЧ-де қарсыласын нокаутқа түсірді

03 мамыр 2023, 08:04

Қазақстандық Сағындық Тоғамбай Ташкенттегі әлем чемпионатындағы бірінші айқасында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

86 келіде өнер көрсететін Сағындық 1/16 финалда конголық Натан Нланду Мбелимен жұдырықтасты.

 

Екінші раундта қазақ боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Ал үшінші раундта Сағындық конголықты тағы бір есеңгіреткеннен кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты да, Сағындық техникалық нокаутпен жеңіске жетті.