Қазақстандық былғары қолғап шебері Нұрбек Оралбай Thailand Open турнирінің жартылай финалындағы қарсыласын білді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтемежасап.
81 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін жерлесіміз тайлық Анават Тонгкатокпен жұдырықтасады. Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 6 сәуірге жоспарланған.
Еске салайық, аталмыш жарыста ұлттық құрама сапында Серік Теміржанов, Сәкен Бибосынов пен Аяттулла Тәкежанов ширек финалға шыққан болатын.