Бокс

Қазақ боксшылары Мәскеуде қарсыластарын нокаутқа жіберді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Асан Райымбек пен Ғалым Шағатай Мәскеудегі бокс кешінде ресейлік қарсыластарын нокаутқа жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Қазақстан кәсіпқой боксы» ВКонтакте парақшасында мәлім еткендей, @Tukeshov_Boxing компаниясының атынан шыққан Асан Райымбек жергілікті боксшы Дмитрий Рахмановқа қарсы айқас өткізген.


Бірінші раундтың үшінші минутында-ақ қазақстандық қарсыласын ногдаунға жіберген. Раунд соңында ресейлік жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.


Осылайша, Асан Райымбек кәсіпқой бокс карьерасында екінші мәрте мерзімінен бұрын жеңіске жетіп отыр.


Ал Ғалым Шағатай Мәскеуде бұл жолы кәсіпқой рингте төртінші кездесуін өткізді.


Қазақ боксшысы ресейлік Александр Салтыковты ұзаққа апарған жоқ. Екінші раундта нокаутқа жіберді.


Осылайша, Ғалым бірінші жартылай орта салмақта ProBox нұсқасы бойынша ТМД чемпионы титулын жеңіп алды.


Айта кетейік, @Tukeshov_Boxing промоутерлік компаниясы Ғалым Шағатайға үлкен үміт артып отыр. Қазірдің өзінде компания боксшыны аймақтық WBC белдігі үшін айқасқа шығару үшін келіссөз жүргізуде.




 




Көрілген: 745    Пікірлер: 0

сенбі, 31.08.2019, 15:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30