Бокс

Қазақ боксшыларының жартылай финалдағы қарсыластары анықталды

  • © boxing2019.com

    © boxing2019.com

Екатеринбургте өтіп жатқан 2019 жылғы әлем чемпионатының 1/2 финалындағы қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Турнирдің осы кезеңіне дейін сегіз қазақстандық боксшының алтауы жетті: Сәкен Бибосынов (52 келі), Абылайхан Жүсіпов (69), Тұрсынбай Кұлахмет (75), Бекзат Нұрдәулетов (81), Василий Левит (91) және Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден аса).


Жарыстағы ең мықты қарсылас Нұрдәулетовке түсіп тұр. Финалға шығу үшін қазақ боксшысы Хулио Ла Круспен жұдырықтасады. Кубалық спортшы 2016 жылғы Олимпиада чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы (2011, 2013, 2015, 2017).


Қазақ боксшылары өнер көрсететін жартылай финалдық жұптар:

52 келіге дейін. Сәкен Бибосынов - Амит Пангхал (Үндістан)

69. Абылайхан Жүсіпов - Андрей Замковой (Ресей)

75. Тұрсынбай Құлахмет - Эумир Марсиаль (Филиппин)

81. Бекзат Нұрдәулетов - Хулио Ла Крус (Куба)

91. Василий Левит - Хулио Кастильо (Эквадор)

91 келіден аса. Қамшыбек Қоңкабаев - Джустис Хуни (Аустралия).


 




Көрілген: 1196    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.09.2019, 10:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31