Қазақ боксшысы бір соққымен жеңіске жетті

17 сәуір 2022, 10:37

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (13-0, 9 КО) екінші жартылай орта салмақтың рейтингтік жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Лондон төрінде отандасымыз 24 жастағы аргентиналық Николас Ботеллимен (11-7, 6 КО) қолғап түйістірді.

 

Зауырбек үшінші раундта нокдаунға түсіп қалғанына қарамастан, бесінші раундта "Питбуль" лақап атымен танымал қарсыласын нокаутқа түсірді. 

 

Еске салайық, шымкенттік боксшы Тұманды Альбионда мальталық Хайтем Лаамузбен (17-1, 7 КО) қолғап түйістіріп, WBO European белбеуін қорғауы тиіс еді.

 

Алайда айқасқа бір күн қалғанда басқа боксшымен жұдырықтасуға тура келді.