Бокс

Қазақстан бокс федерациясы 2019 жылдың үздіктерін анықтады

  • © Vesti.kz

    © Vesti.kz

Қазақстан бокс федерациясы биылғы маусымды қорытындылап, жыл үздіктерін анықтады, - деп хабарлайды   Vesti.kz тілшісі ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылдың үздік боксшысы атағын Бекзат Нұрдәулетов жеңіп алды. Маңғыстаулық 21 жастағы боксшы биыл Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында топ жарған болатын.

2019 жылдың үздік боксшысы атағын қарағандылық Милана Сафронова да иеленді. Ол биыл әйелдер боксынан әлем және Азия чемпионаттарында жүлдегер атанған.

Үздік жас боксшы атағын жастар арасындағы Азия чемпионы Махмұд Сабырхан еншілесе, жастар командасының үздік жаттықтырушысы атағына Махмұдтың бапкері Ілияс Оралбек лайық деп танылды.

Қыздар арасындағы үздік жас боксшы атағын Азия чемпионы Анель Сақыш жеңіп алды. Үздік федерация атағына Маңғыстау облысы ие болса, үздік төреші атағын халықаралық дәрежедегі төреші Ғани Ысқақов иеленді.

 




Көрілген: 280    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.12.2019, 12:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30