Қазақстан тумасы WBO белбеуінен айырылып қалды

15 мамыр 2022, 10:48

Қазақстанда дүниеге келіп, бірақ қазіргі уақытта Германияның намысын қорғайтын боксшы Роман Фресс жартылай ауыр салмақта WBO ұйымының құрлықтық белбеуінен айырылып қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Магдебургте (Германия) өткен бокс кешінде ол карьерасында бірінші рет жеңілді. Осыған дейін Фресстің еншісінде 15 жеңіс бар еді.

 

Аталған кездесуді Фресстің қарсыласы косоволық Арменд Хождай болды.

 

Бұл кездесуде Қазақстанның тумасы он раундтың қорытындысы бойынша 92-98, 94-96, 96-94 есебімен жеңіліп, белбеуінен айырылды.