Қазақстандық боксшы WBO рейтингінің үздік бестігіне енді

20 желтоқсан 2021, 23:34

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) 2021 жылғы барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингтердің соңғы нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

 

Назарларыңызға Қазақстан боксшыларының ұстанымдарын ұсынамыз:

 

Екінші орта салмақта Айдос Ербосынұлы алтыншы орыннан бесінші орынға көтерілді. Бұл дивизиондағы ТОП-3 британдық Зак Паркер, АҚШ-тан келген Дэвид Бенавидес және канадалық боксшы Дэвид Лемье.

 

WBO әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареске тиесілі.

 

Орта санатта Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Хайма Мунгиядан кейін екінші орында қалды. Үшіншісі-Бразилиялық Эскива Фалькао.

 

Қанат Ислам бесінші орыннан сегізінші орынға сырғыды.

 

WBO әлем чемпионы – АҚШ-тан келген Деметриус Андраде.

 

15-орынға табан тіреген боксшы Сұлтан Зәуірбек 14-орынға тұрақтады. Алғашқы үштікті Ұлыбританиядан келген Арчи Шарп, тәжік Мухаммадхужа Якубов пен АҚШ-тан Абрахам Новай құрады.

 

Әлем чемпионы – АҚШ-тың тағы бір боксшысы Шакур Стивенсон.

 

 

 

BAQ.KZ