Бокс

Қазақстандық боксшылардың IBO-дағы рейтингі жарияланды

  • Фото Eye of The Tiger Management©

    Фото Eye of The Tiger Management©

  • Фото Eye of The Tiger Management©

    Фото Eye of The Tiger Management©

Халықаралық бокс ұйымының (IBO) барлық салмақ санаты бойынша жаңартылған рейтингті жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстан кәсіпқой боксы» аккаунтының мәліметіне сүйенсек, Иван Дычко 55-тен 75-ші орынға сырғып кеткен. Бұл санатта IBO Inter-Continental чемпионы – Жан Кособуцкий.

Ал бірінші ауыр салмақтағы Әли Балоев 82-ден 85-ші позицияға түскен.

Еділ Қожамбердиев 92-ден 94-ші сатыда тұрақтаған.

Екінші орта салмақ дивизионындағы Айдос Ербосынұлы 29-шы орыннан 20-ға көтерілсе, Нұрзат Сабыров пен Әли Ахмедов бір-бір орынға кейін сырғып, 33-ші және 34-ші орындардан көрініп отыр.

Аталмыш рейтингте Қанат Ислам көрсеткішін жақсартып, 13-ші орынға табан тіреді. Ал оның салмағындағы Мейірім Нұрсұлтанов 15-ші позицияға (+2) шықса, Жәнібек Әлімханұлы 27-ші орынды сақтап қалды. Бұл салмақ дәрежесінде көш басында – отандасымыз Геннадий Головкин тұр.

Бірінші орта салмақ дивизионында Садриддин Ахмедов 28-ші орыннан 27-ге көтерілсе, Мадияр Әшкеев тізімде 68-ші (+2) болып тұр.

Жартылай орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаев 30-шы орнын сақтап қалды. Ал Данияр Елеусінов болса, 70-тен 38-ші орынға бір-ақ «секірген». Бұл санатта Бобыржан Момынов – 77-ші.

Бірінші жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкембаев үздік он бес боксшының қатарында қалып, 11-ші орынға жайғасқан. Бұл санатта Жаңқош Тұраров 46 (+1) орыннан көрінді.

Өткен жолы 49-ыншы орында тұрған жеңіл салмақтағы Виктор Коточигов 37-ге тұрақтаса, Абылайхан Құсайынов 79-шы орынға сырғыды.

Екінші орташа жеңіл салмақта Сұлтан Зауырбек рейтингте 81-ші болып тұр. Ал Станислав Калицкий бұл санатта үздік 100 боксшының қатарынан шығып қалды.

Жеңіл салмақта Елшат Нығметолла көрсеткішін оңалтып, 65-ші орыннан 55-ке көтерілді.

 




Көрілген: 580    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.01.2020, 17:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31