"Қазақстандық Ломаченко" Азия чемпионатында өзбек боксшыны жеңді

18 қаңтар 2023, 15:43

Бүгін, 18 қаңтарда Таиланд астанасы Бакгкокта 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан Азия чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақтың Ломаченкосы" атанып кеткен Махмуд Сабырхан 57 келідегі 1/8 финалда өзбекстандық Мирзабек Мирзахалиловпен қолғап түйістірді.

 

Бұл айқаста төрешілер шешімімен қазақ боксшының мерейі үстем болды.