Қазақстандық нокаутшы АҚШ-тағы алғашқы айқасы алдында қарсыласымен көз арбасты

25 тамыз 2023, 10:51

Жеңіліп көрмеген ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) нигериялық Эфе Аджагбамен (17-1, 13 KO) көз арбасты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жекпе-жек Top Rank компаниясы жексенбі, 27 тамызда АҚШ-тың Талса қаласында ұйымдастыратын бокс кешінде өтеді. Бұл қазақстандық боксшының АҚШ-тағы алғашқы айқасы болады.

 

Кездесудің жеңімпазы әйгілі британиялық Энтони Джошуамен (26-3, 23 KO) жекпе-жекке үміткер атанады.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz