Бокс

Қазақстандық нокаутшы мексикалық экс-чемпионмен жұдырықтасады

  • © prosports.kz

    © prosports.kz

Кәсіпқой бокста бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) келесі жекпе-жегін 26 қыркүйекте Канаданың Монреаль қаласында өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


BoxRec мәліметінше, қазақстандық 28 жастағы боксшы мексикалық 32 жастағы Мигель Васкеспен (41-8, 15 КО) жұдырықтасады. Ол 2010-2014 аралығында жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған. Жекпе-жек - бірінші орта салмақта 10 раундтан тұрады.


Васкес соңғы рет шаршы алаңға 2018 жылы желтоқсанда шыққан. Сол кезде мексикалық боксшы жартылай орта салмақта IBO белбеуіне таласта мерзімінен бұрын жеңілген еді. 2017 жылы ол бірінші жартылай орта салмақта WBC Silver белбеуі үшін таласқан, алайда ол кезде де есе жіберді.


Жүкембаев туралы айтар болсақ, ол 18 мамырда Монреаль қаласында мексикалық Луис Хесус Видалесті (13-6, 6 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген еді.


Айта кетейік, 26 қыркүйекте өтетін бокс кешінде тағы үш қазақстандық спортшы өнер көрсетеді: Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО), Нұрзат Сабыров (10-0, 9 КО) және Аман Қазанғапов (0-0-1). Олардың қарсыластары кейін анықталады.


 




Көрілген: 290    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.07.2019, 15:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30