Бокс

Келесі Олимпиадада ауыр салмақта билік жүргізетін боксшылар

  • © Donat Sorokin/TASS

    © Donat Sorokin/TASS

Ауыр салмақтағы Василий Левит пен Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасына Қазақстан құрамасының көшбасшылары болып барады, алайда, осы ойындардан кейін өзге боксшылар алдыңғы қатарға шығады.

 

2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Левит Токиоға 33, ал Қоңқабаев 29 жасында аттанады. Ең ауыр салмақтағы қос боксшы үшін бұл қалыпты, бірақ, 2024 жылы екеуінің де орнын өзгелер басуы мүмкін. Оларды алмастыра алатын кімдер?

 

Бірінші кезекте ол жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов. 21 жастағы боксшының деңгейі көз алдымызда өсіп келеді. Сондықтан Олимпиададан кейін бірінші ауыр салмақ, тіпті суперауыр дивизионды билеуі ғажап емес. Мүмкін, Олимпиада чемпионы атағында.

 

Суперауыр салмақта жастар арасында тағы бір үміт артып отырған боксшы бар - Дамир Тойбай. Осы салмаққа ағайынды Нұрбек пен Айбек Оралбайлар да келуі әсте мүмкін. Сағындық Тоғамбай да негізгі құрамға өтуге тырысары сөзсіз.

 

Сонымен қоса, 22 жастағы Бек Нұрмағанбек те бар. Әзірге ол қосалқы құрамға түсіп қалғанымен, Азия чемпионатын жеңіп үлгерді, сондықтан ротацияда бар. Осылайша, екі орынға кемі алты үміткерді тізіп бердік. Дегенмен жартылай ауыр салмақта қалғысы келетіндер болар.

 

Еске салайық, бокстан Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасына толық құраммен барады, алайда, бапкерлер штабы әлемдік іріктеуде тағы бірнеше лицензия жеңіп алуға тырысуы мүмкін. Ал Олимпиада ойындары коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылға шегерілді.  

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 684    Пікірлер: 0

жұма, 03.04.2020, 15:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30