Бокс

"Кезекті жекпе-жек қана". Арман Рысбек қазақстандық боксшылармен жұдырықтасу жайлы

  • https://www.sports.kz/

    https://www.sports.kz/

Бүгін Алматыда MTK Global компаниясының ұйымдастыруымен Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Жекпе-жектердің бірінде екі қазақстандық Арман Рысбек (7-1, КО 6) пен Дәурен Елеусінов (8-1, КО 7) жұдырықтасады.

 

Мұның алдында Дәурен Елеусіновтің пікірін бергенбіз, осы ретте оған қарсылас атанып отырған Арманның сұхбатын ұсынып отырмыз.

 

- Арман, күтпеген жерден жекпе-жекке шығып жатырсыз? Ұсынысты қалай қабылдадыңыз?

 

- Осыдан шамамен бір ай бұрын промоутер Жалғас Төкешов хабарласып, Максим Коханчиктің орнына Дәурен Елеусіновпен шығасың ба деді. Бірден келісім бердім. Шынымды айтсам, жекпе-жекті өзім де күтіп жүргем. Өзімді формада ұстап тұру үшін онсыз да күнделікті жаттығу жасайтынмын. Ұсынысты қабылдай сала жаттығуымды күшейттім. Қазіргі таңда бабыма толыққанды келдім деп айта аламын.

 

- Кәсіпқой рингте отандық боксшылармен жұдырықтасу мәселесіне көзқарасыңыз қандай?

 

- Бұл мәселеге оң көзбен қараймын. Оның үстіне Дәуренді бұрыннан жақсы танимын. Осыған дейін рингте жолдарымыз түйіскен. Мүмкіндік бар кезде осындай турнирлерге қатысып, рейтингімізді көтермесек уақыт өтіп бара жатыр. Белбеуге таласатын жекпе-жек болса ойлануға болады. Ал бұл кезекті рейтингті кездесу.

 

Еске салсақ, MTK Global Kazakhstan менеджерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтетін бокс кешінде Дәурен Елеусіновтың қарсыласы Михаил Коханчикті бір ай бұрын көшеде белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді. Бүгінгі таңда Михаилдың жағдайы бір қалыпты. Бапкерінің айтуынша Коханчик жыл соңына қарай үлкен спортқа оралуы мүмкін.

 

 

 

 

 




Көрілген: 808    Пікірлер: 0

сенбі, 10.07.2021, 15:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30