Көзі ашылмай қалды. Әлем чемпионы қарсыласын оңдырмай сабады

17 сәуір 2022, 16:08

Жартылай орта салмақтағы америкалық боксшы Эррол Спенс (28-0, 22 КО) Арлингтонда өткен бокс кешінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

WBC және IBF белбеулері бар Спенс кубалық Йорденис Угаспен (27-5, 12 КО) жұдырықтасты, соңғысы WBA Super чемпионы болған.

 

12 раундқа есептелген айқас оныншыда аяқталды. Алтыншы раундта Спенстің капасы ұшып кетіп, өзі нокдаунға түсіп қала жаздағанын айта кетейік.

 

 

Сегізінші раундта Угас бірнеше рет есеңгіреп қалды. Ал оныншы раундта жекпе-жек кубалықтың көзі ісіп ашылмай қалғандықтан тоқтатылды.