Бокс

Қыркүйекте Головкин - "Канело" трилогиясын құтқарушы табылды

  • Сурет: reviewjournal.com

    Сурет: reviewjournal.com

Екінші орта салмақта WBO чемпионы атанған британиялық Билли Джо Сондерс (28-0, 13 KO) осы дивизиондағы WBA (Super) белбеуінің иегері және Бүкіләлемдік бокс суперсериясы (WBSS) бірінші маусымының жеңімпазы Каллум Смитпен (25-0, 18 КО) жұдырықтасқысы келеді, - деп хабарлайды BoxingScene.com.


Сондерстің ойынша, отандасын жеңсе, ол көптен бері лайық құрметке бөленеді.


"Каллум - оңай қарсылас емес. Жекпе-жекке шығар ма екен, білмеймін. Онымен жұдырықтасу мүмкіндігімді көрсетеді. Ол маусымда жұдырықтасады, ал мен келесі кездесуді қыркүйекте өткізгім келеді. Меніңше, Каллум - дивизиондағы мықты боксшылардың бірі. Мүмкін ең үздігі шығар. Оны жеңсем 168 фунтта бірінші нөмір атанам. Сонымен қатар, екінші орта салмақта кез келгенімен белбеу біріктірілетін жекпе-жек өткізуге дайынмын", - дейді Сондерс.


Алайда Смиттің жоспары басқа. Мұның алдында ол екінші орта салмақта WBA "регуляр" чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) жұдырықтасқысы келген, сонымен бірге, ол орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBF белбеулеріне ие.


Алайда Смитке алдымен титулын қорғау қажет. 1 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында ол франция-камерундық боксы Хассан Н'Дам Н'Жикаммен (37-3, 21 КО) жекпе-жек өткізеді.


Смиттан бөлек қыркүекте "Канеломен" қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) де жұдырықтасқысы келеді. Сонымен қоса, екінші орта салмақта IBF чемпионы америкалық Эррол Спенс те (25-0, 21 KO) қызығушылық білдірді. 


kaz.vesti.kz




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.05.2019, 11:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31