Бокс

Левиттің әлем чемпионатындағы жекпе-жегі: федерация қандай шешім қабылдады?

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатында болған жағдайдан кейін бокстан ұлттық құрама команданың барша бапкеріне сөгіс жарияланды. Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.


Бокс федерациясының бапкерлер штабы әлем чемпионатының қорытындысын талдады. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит жартылай финалда эквадорлық боксшымен кездескен болатын. Төрешілер эквадорлық басым түсті деген шешім қабылдады.


Ережеге сәйкес, қазақстандық бапкерлер жекпе-жек аяқталған соң 60 секунд ішінде төрешілерге сары қағаз беруі тиіс. Алайда секунданттар мұны жасамаған. Ал рингке қайта оралған кезде кеш болды.


"Біз жеке бапкерлер мен федерация жетекшілігін шақырдық. Олардың өкілдігін бөліп бердік. Мұндай жағдайда кімнің не істеуі керек екені айтылды. Болашақта мұндай қателікті қайталамау үшін осылай жасап отырмыз", - деді Қазақстан бокс федерациясының бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президенті Юрий Цхай.


Бапкерлер штабы әлем чемпионатындағы нәтиже жаман емес деп отыр. 26 қараша күні – Сәкен Бибосынов, Санатәлі Толтаев, Әйбек Оралбай, Римма Волосенко бапкерлерімен бірге Жапониядағы турнирге аттанады. Бірақ оның нәтижесі Олимпиадаға іріктеу кезінде ескерілмейді.


Айта кетсек, Олимпиаду-2020-ның лицензиялық турниріне дейін төрт ай қалды.


sputnik


 




Көрілген: 721    Пікірлер: 0

жұма, 04.10.2019, 11:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31