Ломаченко pound-for-pound рейтингіне Головкинді кіргізбеді

01 қараша 2018, 17:18

Жеңіл салмақта WBA чемпионы украиналық Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) өзінің pound-for-pound тізімін жасады, - деп хабарлайды ESPN.

"Бесінші орын - Майки Гарсиа, өйткен бұл әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі, солай ойлаймын. төртінші Энтони Джошуа, үшінші - Александр Усик, келесі - Сауль Альварес, бірінші - Теренс Кроуфорд. Бұл тізімде менің атым жоқ, менің қай деңгейде екенімді барлығы біледі", - дейді Ломаченко.

Айта кетейік, Василий Ломаченко 8 желтоқсанда WBO чемпионы Хосе Педрасамен (25-1-0) жекпе-жек өткізеді.

vesti.kz