Бокс

Маман Данияр Елеусіновке кім қарсылас болуы мүмкін екенін айтты

  • https://365info.kz/

    https://365info.kz/

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) үшін 2021 жыл табысты болу керек. Мұндай пікірді Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында Delcotimes.com порталының журналисі Джек МакКаферри айтты.

 

"Елеусінов өзінің мықты екенін көрсетті. Биыл бұл жігіттен жақсы нәтиже күтуге болады. Эдди Хирн биыл оны чемпиондық жекпе-жекке шығарады деп сенемін. Тезірек болса тіпті жақсы болар еді.

 

Жалпы Елеусінов Хирнмен келісімшарт жасап, жолы болды. Ол әлемдегі ең мықты промоутерлердің бірі. Ол өзінің боксшыларына жақсы қарап, керемет мүмкіндіктер жасап жатыр. Енді барлығы тек Даниярдың қолында. Ол чемпион атанатын мүмкіндікке ие болады.

 

Елеусіновтің биыл Каваляускас немесе Гарсиямен шыққаны қызық болады. Рейтингте жоғары көтерілу үшін жақсы қарсыластар. Оның үстіне бұл кездесулерде Данияр да өзінің қаншалықты мықты екенін көретін еді", - деді МакКафери.

 

Айта кетейік, америкалық боксшы Дэнни Гарсия желтоқсан айында отандасы Эррол Спенспен WBC және IBF белбеулері үшін жекпе-жек өткізіп, жеңіліп қалды. Ал литвалық Эгидиюс Каваляускас болса WBO белбеуін иегері америкалық Теренс Кроуфордпен кездесіп, нокаутқа түскен болатын. Бұл жігіттердің барлығы да Елеусінов жұдырықтасатын салмақта.

 

Ал отандасымыздың өзі 28-қараша күні намибиялық Джулиус Индонгомен (23-3, 12 КО) кездесіп, нокаутпен жеңіске жетті. Бұл айқаста Елеусінов жартылай орта салмақта IBF Intercontinental белбеуін жеңіп алды. Осы жеңістен кейін қазақ боксшысы BoxRec рейтингінде 39-орыннан 26-орынға көтерілді.

 

 

 




Көрілген: 231    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 10:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Наурыз, 17:12
    Левит жеңіліп қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31