Бокс

Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жегі кейінге шегерілді

  • https://fighttime.ru/

    https://fighttime.ru/

Бокс әлемінде аты аңызға айналған 54 жастағы Майк Тайсонның бір немесе бірнеше жекпе-жек өткізу үшін боксқа қайтып оралатыны туралы жаңалығы көпшілік арасында әлі де қызу талқылауда.

 

Боксшы 51 жастағы Рой Джонспен жекпе-жекке шығатыны туралы келісті. Бұл туралы Sport.kz сайты хабарлады.

 

Бәрі Майктың бір снарядты ширақ соққылап отырғаны жазылған қысқа видеодан басталған.

 

«Сендерге бірдеңе айтайын. Қысқасы, мен бұл 30 секунд видеоны жазып алғаннан кейін бір апта төсек тартып қалдым. Бұл күлкілі жағдай емес», - деді Тайсон.

 

Майк боксқа оралу идеясы қайдан шыққанын еске алды.


«Мен зайыбыммен артық салмағым туралы әңгімелескен едім. Ол маған: «Жүгіру тренажерімен күніне 15 минут жаттықсаң қайтеді?» деген. Ақыры сол 15 минут күніне 2 сағат жаттығуға айналды», - дейді Майк.

 

«Салмақтан арыла бастадым. Сосын күйеубалам маған 30-40 миллион доллар үшін жұдырықтасуға ұсыныс болып жатқанын жеткізді. Ол маған бұл адамның Боб Сап екенін айтты. Ақыры, біз онымен жұдырықтасатынымыз туралы келістік. Дайындық пен өзіңді қалпына келтіру – екі түрлі нәрсе. Өзіңді қалпына келтіру – бұл күнделікті киіміңді кигенмен тең. Ал бұрынғы қалпыңа оралу – өз жаныңның сыртына шығып кеткенмен бірдей. Бұны автоматты түрде жасау мүмкін емес», - деп атап өтті Майк Тайсон.

 

Еске сала кетейік, 12 қыркүйекте Калифорнияда (АҚШ) өтетіндігі туралы хабарланған ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютты чемпион Майк Тайсон мен төрт салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс-чемпионы кіші Рой Джонстың кездесуі кейінге шегеріліп, 28 қарашада өтетін болды. Жекпе-жекті шегеруді Тайсонның командасы ұсыныпты.

 

Олардың пікірінше, бұл өзгеріс қосымша табыс әкелуі мүмкін.

 

Бұл пікірмен Рой Джонс және оның командасы да келіскен.

 

© oinet.kz

 




Көрілген: 351    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.09.2020, 00:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қазан, 14:16
    Головкинге не болды?
    28 Қыркүйек, 08:35
    Бокс. Әлемдік үздік ондық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31