Бокс

Мемлекет басшысы Тоқаев пен Елбасы Назарбаев Головкинді әлем чемпионы атануымен құттықтады

  • Мемлекет басшысы Тоқаев пен Елбасы Назарбаев Головкинді әлем чемпионы атануымен құттықтады

    Мемлекет басшысы Тоқаев пен Елбасы Назарбаев Головкинді әлем чемпионы атануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Головкинді IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанғанымен құттықтап, күллі Қазақстанның оны мақтан тұтатынын айтты. Елбасы қазақстандық спортшының жеңіске жетуіне қатысты айтылған құттықтаулар легін жалғады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.


"Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдары үшін болған тартысты бокс алаңындағы тамаша жеңісімен құттықтаймын.Гена өзінің кәсіпқой бокстың хас шебері екенін, жеңіске деген табанды ұмтылысын тағы да дәлелдеді. Қазақстан сені мақтан тұтады. Алға, Гена!" — деп жазды президент Twitter желісіндегі парақшасында.


Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан боксшысы бұл жекпе-жекте тағы да асқан шеберлік, спортшыға тән мінез бен қажымас қайрат танытқандығын атап өтті.


"Сенің жарқын жетістіктерің Қазақстан жанкүйерлеріне қуаныш сыйлап елімізде спортты одан әрі дәріптеуге септігін тигізіп отыр.


Саған мықты денсаулық, бақ-береке және жаңа жетістіктер тілеймін", - делінген жеделхатта.


Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшы украиналық қарсыласы Деревянченконы жеңіп, екі чемпиондық белбеу иеленді. Жекпе-жек бастала сала бірінші раундта GGG қарсыласын нокдаунға жіберді. Бірақ украиналық спортшы да бірде-бір соққыны жауапсыз қалдырмады.




Көрілген: 462    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.10.2019, 14:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31