Бокс

«Мен оларды қашанғы күтуім керек?!»: Головкин келесі қарсыласының есімін атады

  • «Мен оларды қашанғы күтуім керек?!»: Головкин келесі қарсыласының есімін атады

    «Мен оларды қашанғы күтуім керек?!»: Головкин келесі қарсыласының есімін атады

 IBF және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Sports Illustrated-ке берген сұхбатында келесі қарсыласының атын атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин коронавирус пандемиясынан кейін IBF тұжырымдамасына үміткер Камил Шереметамен жекпе-жек өткізбек.

"Мен бұл шешімді коронавирусқа дейін қабылдағанмын. Менің жекпе-жегім Шереметамен өтеді. Мен өз сөзімде тұрамын. Айналадағы жайт қалыпқа келгенде мен бұл кездесуді бірінші болып өткізбекпін", - деді Головкин.

Сондай-ақ, Головкин мексикалық боксшы Сауль Канело Альвареспен неліктен үшінші рет кездесуге шықпағанын айтты.

"Мен әрдайым істің екі жағы барын айтқым келеді. Олар жалпы бұл кездесуден қыркүйекте қашқақтады. Олар 2020 жылдың мамырында шыққысы келмеді. Сондықтан мен өз жолыммен кеттім. Менің өз мансабым бар, сосын: "Мен оларды қашанғы күтуім керек?" деп ойладым", - дейді боксшы.

Vesti.kz.




Көрілген: 470    Пікірлер: 0

жұма, 08.05.2020, 08:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30