Бокс

"Менің алтыным!". Олимпиадада жемқорлық құрбаны болған қазақстандық боксшының қарсыласы

  • ©

    ©"СЭ"

Ресейлік боксшы Евгений Тищенко 2016 жылғы Рио Олимпиадасында қазақстандық Василий Левитті жеңгеніне сенімді, деп хабарлайды РИА Новости.

 

"Мен спортшымын, сондықтан төрешілер махинациясына қатысым жоқ. Финалдағы жекпе-жегім күдікке ілінді деген ешқандай ресми құжат көрмедім. Тек интернетте ақпарат жүргенін байқадым. Жалпы мұндай тергеуге оң қараймын, өйткені әділ спортты жақтаймын.

 

Левитпен жекпе-жекке келсек, бірнеше күн бұрын қайта көріп шықтым. Иә, теңдей айқас болды, бірақ, мен жеңісіме сенімдімін. Бұл менің алтыным!

 

Менің бала кезден төккен терім мен ерен еңбегімнің жемісі, мен арманымды орындай алдым. Олимпиададан бес жыл өтсе де менің атым ел аузынан түспегені қуантады. Мен бұған ризамын", - дейді Тищенко.

 

Еске салайық, белгілі заңгер Ричард Макларен АИБА сұранысы бойынша Рио-де-Жанейро Олипиадасындағы күдікті жекпе-жектерді тергеуге алған. Оның бірінші есебі бойынша, Левит финалда жемқорлық құрбаны болды, ал Тищенкода турнир бойы артықшылықтар болған.

 

Осылайша, Левит жеңілді деп танылып, күміс иеленді. Ал Тищенко Олимпиада чемпионы атанғанымен, көреремендер бұл "әділетсіздікке" ысқырып, шулап қарсылығын білдірген.

 

 

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 2433    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.10.2021, 09:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30