Бокс

Мейвезер рингке қайта оралатынын мәлімдеді

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

Америкалық боксшы Флойд Мейвезер рингке қайта оралуға дайын екендігін білдірді, деп жазды life.ru.


Бұған дейін «кәсіби бокстағы мәнсабымды жалғастыру жоспарым жоқ» деп келген атақты боксшы алда өткізетін кездесуіне қарсыласты да тауып қойыпты.


Спортшының әкесі Мейвезер қарсылас ретінде филиппиндік Мэнни Пакьяо мен америкалық боксшы Эдриэн Бронерді таңдағанын жеткізді. Үлкен Мейвезер сондай-ақ ұлының жеңіске жететініне сенімді.


Флойд Мейвезер кәсіби мәнсабында 50 жекпе-жек өткізген және бәрінде жеңіске жеткен, оның 27-ін нокаутпен жеңген. Соңғы рет ол рингке 2017 жылдың тамыз айында шығып, Конор Макгрегорді жеңген еді.


Сондай-ақ америкалық боксшы бұған дейін Мэнни Пакьяомен жұдырықтасқан болатын. Кездесу 2015 жылдың мамыр айында өткен, ол кезде жеңісті төрешілер бірауыздан Мейвезерге берген еді.


 BAQ.KZ




Көрілген: 430    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.04.2019, 10:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31