Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мейвезердің нокаутшысы мексикалық чемпионды бір соққымен есінен тандырды (видео)

02 қараша 2020, 14:17

Жеңіл салмақта WBA чемпионы америкалық Джервонта Дэвис Сан-Антониода (АҚШ, Техас штаты) өткен бокс кешінде бірінші жеңіл дивизионда WBA титулына ие мексикалық Лео Санта Круспен жекпе-жекке шықты,- деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Бұл айқаста екі боксшының да белбеуі сарапқа салынды, Дэвис алтыншы раундта нокаутпен жеңіске жетті.

 

 

Осылайша, америкалық боксшы 24 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетіп, оның 23 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Ал 37 жеңіске жеткен Крус екінші рет жеңіліп отыр, сонымен бірге, ол бір кездесуін тең аяқтаған.

 

Айта кетейік,  Дэвистің ісін Флойд Мейвезердің (50-0, 27 КО) промоутерлік компаниясы жүргізеді.