Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мұхаммед Әлидің немересі екінші жекпе-жегін нокаутпен аяқтады материалға сілтемені көшір

25 қазан 2021, 12:56

Мұхаммед Әлидің немересі, америкалық орта салмақ боксшысы Нико Әли Уолш (2-0, 2 КО) кәсіби рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Алтантада өткен бокс кеші аясында Уолш 36 жастағы отандасы Джеймс Уэстлиді (1-1, 0 КО) жеңді. Уолш екінші раундтың соңында қарсыласын нокдаунға жіберген. Ал үшінші раундтың басында Уэстлидің жаттықтырушылары жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан. 

Осылайша Нико Әли Уолш өз рекордын жаңартып, екі жекпе-жегін де нокаутпен аяқтады. Алғашқы кездесуінде Нико 70 секундта жеңіске жеткен болатын.

Мұхаммед Әли – спорт тарихындағы ең танымал боксшылардың бірі. Ол ауыр салмақта абсолютті чемпион атағын бірнеше жыл ұстап тұрған. 1960 жылы өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңген. Түрлі басылымдар Әлиді ғасыр спортшысы деп атаған. 

Stan.kz