Мұхаммед Әлидің немересі Нико Әли Уолш (5-0, 4 КО) кәсіпқой бокста кезекті рет жеңіске жетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жолы ол Лас-Вегаста 72,6 келіге дейінгі салмақта отандасы Алехандро Ибаррумен (7-2, 2 КО) қолғап түйістірді.
Бірінші раундта екі соққы өткізген Ибарру нокаутқа түсті.