Бокс

"Мүмкіндігі жоқ". Сарапшы маман Головкин мен "Канелоны" салыстырды

  • Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©

    Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©

Америкалық WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкиннің канадалық Стив Роллсқа қарсы жекпе-жегі жайлы ойын айтып, мексикалық Сауль Альвареспен кездесуі жайлы пікірін бөлісті.


Жекпе-жек 9 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен. Головкин қарсыласын төртінші раундта нокаутқа түсірген болатын.


"Бұл Головкин үшін оңай жекпе-жек болды. Қарсыласынан барлық жағынан басым көрінді. Жеңіс оған сенімділік пен алдағы жекпе-жектеріне қуат сыйлады. Бір жағынан, тактикалық және техникалық өзгерістерді байқап үлгермедім. Жаңалық бар деп ойламаймын.


Головкин сабырлы бола түскен. Жекпе-жекті жүйелі стратегиямен өткізу әдісіне оралған. Бұл жаман емес, бірақ әлі де көп қозғалмайды. Мұндай Головкинге қарап, "Канелоның" қандай екенін байқауға болады. Дәл қазір "Канелоға" қарсы Головкинде мүмкіндік те жоқ. Головкинге көп тұсын жетілдіру керек деп ойлаймын", - деді Джей.


Роллсқа қарсы кездесуден кейін GGG "Канелоны" жекпе-жекке шақырып, қыркүйекте үшінші рет жұдырықтасуға дайын екенін айтқан болатын.


Боксшылардың алғашқы жекпе-жегі тең аяқталса, кейін мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.


 




Көрілген: 404    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.06.2019, 11:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31