Назым Қызайбай алтын медаль жеңіп алды – видео

26 ақпан 2022, 21:49

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Софияда (Болгария) өтіп жатқан бокстан «Странджа»  халықаралық турнирінде бірінші алтын медальді жеңіп алды.

 

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ақтық сында Қызайбай алжирлік Румайсой Буалемен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті — 5:0. Үшінші раундта  Буале нокдаунға  түсті.

 

Осылайша, Назым Қызайбай Қазақстан үшін турнирдегі алғашқы «алтынды» жеңіп алды. 

Одан алдын финалға шыққан  Дамир Әбдіқадыр (51 кг) өзбекстандық Хасанбой Дусматовқа жол берді.

 

 

aikyn.kz