Бокс

Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас бокстан шеттетілуі мүмкін

  • Фото: Qamshy.kz

    Фото: Qamshy.kz

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас құрамадан уақытша шеттелуі мүмкін. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады qamshy.kz тілшісі.

 

Боксшы Ангелина Лукастың 8 қыркүйектегі үндеуінде айтылған әйелдер арасындағы ұлттық құраманың жағдайына қызметтік тексеріс жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды.

 

Комиссияға тараптардың уәжі мен істің матариалдарын қарап, мынадай шаралар қабылдау міндеті қойылып отыр:

 

* Қазақстан бокс федерациясы Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, спорт этикасын бұзғаны үшін екі боксшы – Назым Қызайбай мен Ангелина Лукасты уақытша шеттету мәселесін қарастыру;

 

* Спорттық тәртіпті бұзу фактілері бойынша объективті тергеу жүргізіп, 20 қыркүйекке дейін Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне ұлттық команданың бәсекеге қабілетті құрамын жасақтау;

 

* Әйелдер құрамасы бас бапкерінің рапорты бойынша, допингке қарсы ұлттық орталықтың мамандарын тарта отырып, құрама команда мүшелерінің допинг (тыйым салынған препараттар) қолдану мүмкіндігіне тексеру жүргізу;

 

* Командадағы психологиялық ахуалды жақсарту, жанжалға жол бермеу үшін психологтарды, медиаторларды тарта отырып жұмыс жүргізуді ұсыну.

 

"Мәдениет және спорт министрлігі алдағы уақытта осындай келеңсіз жағдайға жол бермеу үшін федерациялардың бәріне командадағы тәрбиелік жұмысты күшейту қажеттігі туралы хат жолдады. Сондай-ақ бас бапкер Ерік Алғабектің ұлттық құрамадағы бақылауды әлсіреткенін атап өту керек. Бұл командадағы спорттық тәртіпті жүйелі түрде бұзуға алып келді" деп мәлімдеме жасады комитеттің баспасөз қызметі.

 

Арнайы комиссия құрамадағы барлық боксшы қыздарға қызметтік тексеріс жүргізеді. Комиссия енді спорттық тәртіптің қалай бұзылғанын, допинг қолданған спортшылардың бар-жоғын анықтайды. Сондай-ақ, еңбек шартын бұзғаны үшін Ангелина Лукасты қандай тәртіптік жауапкершілікке тартатынын да шешеді.

 

Айта кетейік, бұған дейін Ангелина Лукас "маған Назым Қызайбай күн көрсетпейді, соның кесірінен Ұлттық құрамадан шеттетілдім" деп жариялаған еді.




Көрілген: 415    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.09.2021, 18:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31