Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Нокаут. Батыр Жүкембаевтың қарсыласы неге жеңілгенін ашық айтты

27 желтоқсан 2022, 11:36

Оңтүстік Африка боксшысы Ксолани Мкотели (19-8, 12 KO) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Батыр Жүкембаевтан (19-1, 15 KO) қалай жеңілгенін айтты. 

24 желтоқсан алматыдағы бокс кешінде он раундтық жекпе-жек алтыншысында техникалық нокаутпен аяқталған болатын. Бұл Батырдың Қазақстандағы бірінші айқасы болды. 

Қазақ нокаутшы қарсыласын бірінші раундта төрт құлатты

"Жекпе-жек оңай болған жоқ. Қарсыласымның соққысы ауыр және техникасы да мықты екен. Ол менен жылдам әрі нәтижелі болды. Біраз уақытқа дейін қысымының бетін қайтарып, соққыларына жауап беріп отырдым. Алайда әр раунд сайын қиын бола бастады. Оның әлеуеті өте жоғары, оны іске асыру қажет. Оған сәттілік тілеймін.   


 
Қазақстанды көргеніме қуаныштымын. Қызықты әрі әсем ел екен.

Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын", - дейді Мкотели.