Нокаут және Өзбекстанмен текетірес. Алты қазақ боксшы АЧ финалына шықты

11 наурыз 2022, 19:34

Алты қазақстандық боксшы жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының финалына өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , деп Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Турнирдің ақтық сынына Айдар Қадырхан, Төрехан Сабырхан, Ахмет Үсен, Санжар-Әли Бегалиев, Мұхаммед-Әли Жанболат және Асылан Елдібайұлы жолдама жеңіп алды.

 

Қазақстан командасы Өзбекстанмен текетіресте бір ғана айқасты ұтты, алайда, тағы бес боксшы қола жүлдегер атанды.

 

Ал Елдібайұлы иорданиялық қарсыласын нокаутқа түсірді.

 

Жарыс күнінің нәтижесі:

 

48 келі

 

Бексұлтан Боранбек (Қазақстан) - Рави Саини (Үндістан) - 2:3.

 

50 келі

 

Бек Жолдасбек (Қазақстан) - Самандар Олимов (Өзбекстан) - 0:5.

 

52 келі

 

Айдар Қадырхан (Қазақстан) - Ценбаатар Манал (Моңғолия) - 4:1.

 

54 келі

 

Сұлтан-Бейбарс Абылаев (Қазақстан) - Мороншох Норкосимов (Өзбекстан) - 0:5.

 

57 келі

 

Төрехан Сабырхан (Қазақстан) - Руслан Гафуров (Тәжікстан) - 5:0.

 

60 келі

 

Алексей Хаванцев (Қазақстан) - Яшвардан Сингх (Үндістан) - 0:5.

 

63 келі

 

Ахмет Үсен (Қазақстан) - Рамзан Кадыров (Қырғызстан) - 5:0.

 

66 келі

 

Санжар-Әли Бегалиев (Қазақстан) - Сардор Дилолов (Өзбекстан) - 5:0.

 

75 келі

 

Мұхаммед-Әли Жанболат (Қазақстан) - Дев Партап Сингх (Үндістан) - 5:0.

 

80 келі

 

Мадияр Бексұлтанов (Қазақстан) - Рахмонжон Кодиров (Өзбекстан) - 2:3.

 

80 келіден аса

 

Асылан Елдібайұлы (Қазақстан) - Саид-Аддед Харб (Иордания) - RSC екінші раундта.