Бокс

"Нокаутқа түсірем". Ербосынұлының қарсыласы чемпиондық белбеулерді тартып аларына сенімді

  • © notifight.com

    © notifight.com

Суперорта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Айдос Ербосынұлының (10-0, 8 КО) алматыда өтетін жекпе-жегіндегі қарсыласы Лукас Ндафолума (15-1, 6 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында тек жеңіске ниетті екенін айтады.


WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Continental белбеулері үшін Ербосынұлы мен Ндафолума арасындағы он раундты жекпе-жек 24 наурыз "Алматы Аренада" өтеді. Бокс кешінің андеркартында Садриддин Ахмедов (7-0, 7 КО) пен Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО) жұдырықтасады.


"Бұл мен үшін үлкен сын. Карьерамдағы басты сынақ шығар. Алайда өз күшіме сенемін. Бұл жекпе-жекке дайындалдым және өз тарихымды жазамын. Қарсыласымнан қорықпаймын және белбеулерді алып кету үшін шеберлегімді толық көрсеткім келеді. Мен үшін жалғыз жол нокаутпен жеңу екенін түсіемін. Нокаутқа түсіруге тырысамын.


Бапкеріммен бірге Ербосынұлының жұдырықтасқанын көргенбіз. Жақсы боксшы, бірақ, біз жеңіс стратегиясын дайындап қойдық. Жолым боларына сенемін.


Қазақстан туралы білетінім - қазргі замандағы ең мықты боксшылардың бірі Геннадий Головкиннің отаны екені ғана. Елдеріңізде болу қызықты. Қазақстанға келуімді асыға күтемін", - деп атап өтті Ндафолума.


Айта кетейік, 23 джелтоқсан Мәскеуде өткен соңғы жекпе-жегінде Ербосынұлы бельгиялық Илияс Ачергиді (12-4-1, 6 КО) нокдаунға түсіп тұрып жеңген еді. Осылайша, қазақстандық WBO Global белбеуін иеленді және WBC Asia атағын қорғап қалды.


Бұл жеңістен кейін Ербосынұлы BoxRec рейтингінде 37 саты жоғарлады, сондай-ақ WBA және WBO рейтингтерінде ТОП-15 тізімге енді.


27 жастағы қазақстандық боксшы он жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен, оның сегізі нокаутпен. Боксшы карьерасында Ресей, Украина, АҚШ пен Қазақстанда жұдырықтасқан.


 




Көрілген: 390    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.03.2019, 12:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30