Бокс

"Нокдаун болған жоқ": Сәкен Бибосынов өз ойын ашық айтты

  • "Нокдаун болған жоқ": Сәкен Бибосынов өз ойын ашық айтты

Бүгін Токио Олимпиадасында Сәкен Бибосынов жартылай финалда ұлыбританиялық Галаль Яфайдан 2:3 есебімен ұтылған болатын

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов жартылай финалдық жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бірінші раундта есе жібердім. Ол жерде нокдаун санайтын соққы болды деп те айта алмаймын. Мен есімді жоғалтқан жоқпын. Төрешінің шешімімен бірінші раунд сол жаққа кетті. Екінші және үшінші раундта бар күш-жігерімді салып, ұтқан сияқты едім. Барымды салдым. Бұйырғаны осы екен. Мен өзімді ұтылдым деп айтпаймын. Ұттым. Төрешілердің шешімі солай болып тұр ", - деді Бибосынов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Бүгін Токио Олимпиадасында Сәкен Бибосынов жартылай финалда ұлыбританиялық Галаль Яфайдан 2:3 есебімен ұтылған болатын. 

"Токио Олимпиадасына "алтын" аламын деп келген едім. Бірақ қола жүлде бұйырып тұр екен. Жанкүйерлерді, қазақ халқын алтынмен қуантып, Токио төрінде әнұранымызды ойнатуды басты мақсат еттім. Өкінішке қарай, ол арманыма жете алмадым. Бар күш-жігерімді салдым. Соңына дейін жұдырықтастым. Бірақ сәттілік жетпеді", - деді Бибосынов. 

Айта кетері, осы жолы бокстан Қазақстан құрамасы алғаш рет Олимпиададан алтын медальсіз қайтады. Токиода олар екі қола медальді ғана жеңіп алды.




Көрілген: 740    Пікірлер: 0

жұма, 06.08.2021, 08:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30