Бокс

"Ол аңыз боксшының ұлы". Маман Головкиннің келесі қарсыласы туралы айтты

  • Сурет: The Sun

    Сурет: The Sun

Британдық боксшы Крис Юбенк (29-2, 22 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) мықты қарсылас бола алмайды. Мұндай пікірді Vesti.kz порталына берген сұқбатында FightSpace жобасының жетекшісі Григорий Стангрит айтты.

 

"Жеке мен үшін, бокс жанкүйері ретінде бұл қызық жекпе-жек болатын еді. Британдық осы уақытқа дейін бокста ауыз толтырып айтатын ештеме істедім. Бірақ аңыз боксшының ұлы. Сондықтанда бұл кездесуге жанкүйердің назары ауады. Оның үстіне Головкинді Ұлыбритания жанкүйерлері жақсы таниды. Ол Мюррей, Брук секілді жігіттермен Британияда, Еуропада жұдырықтасқан.

 

Менің ойымша жанкүйер тарта алатын кездесу болады. Юбенктің мүмкінді көп болады деп ойламаймын. Иә, ол ірі денелі, мықты боксшы. Головкинге аздаған қиындық туғызуы мүмкін. Бірақ жеңе алмайды", - деді Стангрит.

 

Айта кетейік, жақында Юбенктің өзі мәлімдеме жасап, Головкинді нокаутқа түсіретінін айтты.

 

Қазіргі уақытта Юбенк орта салмақта WBA белбеуінің уақытша чемпиондық белбеуінің иегері. Ол 1 мамыр күні Манчестер қаласында отандасы Маркус Моррисонмен кездесу өткізеді.

 

Ал Головкин болса орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері.

 

 




Көрілген: 610    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 19:15

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Наурыз, 17:12
    Левит жеңіліп қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30