Олимпиада чемпионы үш рет құлап ақыры нокаутпен жеңілді

17 сәуір 2022, 16:00

Олимпиада чемпионы кубалық Юриоркис Гамбоа (30-5, 18 КО) мексикалық Исаак Круспен (23-2-1, 16 КО) жекпе-жекте үш рет нокдаунға түсіп, ақыыры нокаутпен жеңілді. Бұл айқас АҚШ-тың Арлингтон қаласында өткен бокс кешінде болды. Бұл туралы vesti.kz тілшісі vRINGe.com сайтына сілтеме жасап жазды , - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Гамбоа бірінші рет екінші раундта құлады.

 

Екінші және үшінші раундта екі салмақта чемпион болған 40 жастағы боксшы тағы бір реттен нокдаунға түсті.

 

 

Бесінші раундта Гамбоа 23 жастағы қарсыласынан тағы бір ауыр соққы өткізіп алды да, жекпе-жек осымен тоқтады.

 

 

Айта кетейік, кубалық боксшы 2004 жылғы Олимпиадада жеңімпаз болған.