Бокс

Олимпиада чемпионын Ломаченкомен жекпе-жектен кейін ауруханаға алып кетті

  • © iSport.ua

    © iSport.ua

Британиялық Люк Кэмпбеллді (20-3, 16 КО) украиналық Василий Ломаченкомен (14-1, 11 КО жекпе-жектен кейін ауруханаға алып кетті, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".


Лондондағы О2 аренасында өткен 12 раундты жекпе-жек қорытындысы бойынша Ломаченко жеңіске жетті. Осылайша, украиналық жеңіл салмақта WBO және WBA (Super) белбеулерін қорғап қалды және бос болған WBC титулын иеленді.


Британиялық боксшының промоутері Эдди Хирннің сөзінше, Кэмпбеллді ауруханаға жатқызу сақтық шарасы болды.


"Люкте бәрі жақсы. Ол өзін онша жақсы сезініп отырған жоқ, әсіресе денеден жасалған соққылардан кейін. Люк - батыл жігіт. Оны ауруханаға алып кетті, бұл сақтық шарасы. Онымен бәрі жақсы болады", - дейді Хирн.


Айта кетейік, бұл жекпе-жекте Олимпиада ойындарының екі чемпионы жұдырықтасты украиналық 2008 және 2012 жылдары, ал британиялық 2012 жылы алтын жүлде иеленген.


kaz.vesti.kz 




Көрілген: 481    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.09.2019, 12:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30