Бокс

Олимпиада жүлдегері Айдос Ербосынұлы мен Сауль Альварес жекпе-жегі жайлы

  • Сурет: instagram.com/yerbossynuly_aidos

    Сурет: instagram.com/yerbossynuly_aidos

Белгілі қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) елордада өткен "Көшпенділер шайқасы 2" турнирінде жеңіске жетті деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

 

Кештің басты айқасында Алматы облысының тумасы гайаналық Аллен Леннокс (22-2-1, 14 КО) пен кездесіп, 10 раундта нокаутқа түсірді. Осылайша Айдос екінші орта салмақта WBA чемпионына қарсылас атанып отыр. Грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев "Барыстың" болашақта әлемдік деңгейдегі спортшылармен шығу үшін не істеу керектігін айтып берді.

 

- Нұрбақыт аға, Айдостың жекпе-жегіне спорт маманы ретінде қандай баға бересіз? 

 

- Айдостың қарсыласы өте мықты боксшы. Кәсіпқой карьерасында жиырмадан астам кездесу өткізген. Айдостың соңғы екі жылдағы қарсыластары әлемдік деңгейдегі ең мықты былғары қолғап шеберлері екендігін айта кеткен жөн. Бұл жолғы жеңіс те Айдосқа оңай келген жоқ. Қарап отырсаңыздар, отандасымыз да біраз соққыны қабылдады. Бірақ Айдос соңына дейін айқасқанының арқасында басым түсті. Функционалды дайындығы жақсы болды. Аллен Леннокс 10 раундта болдырып қалды. Көп қателіктер жібере бастады. Нәтижесінде біздің батыр ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланып, жеңіске жетті.

 

- Болашақта Айдос Ербосынұлы мексикалық Сауль Альвареспен рингте жолдары түйісуі мүмкін деген әңгімелер айтылып жүр...

 

- Альвареспен шығу үшін әлі де болса көп дайындалу керек деп ойлаймын. Бүгінгі таңда Айдос рейтингте әлемнің ең үздік боксшыларының бірі болып табылады. Бокста бір соққы шешіп кетуі мүмкін. Уақыт өткен сайын жерлесіміздің қарсыластары күшейіп барады. Яғни мықты қарсыластармен шығып жүр. Сондықтан Айдос болашақта "Канеломен" кездесіп жатса, жақсы дайындықтан өтуі тиіс деп есептеймін.

 

Еске салайық, Айдос Ербосынұлы кәсіпқой карьерасындағы 16 кездесуін жеңіспен аяқтап отыр. Соңғы рет ол өткен жылдың желтоқсанында рингке шығып, ганалық Исса Самирді ұтқан болатын.

 

 

 




Көрілген: 1200    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.09.2021, 16:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31