Бокс

"Орта салмақтың патшасын анықтайық". Промоутер Головкинге тағы бір қарсылас ұсынды

  • "Орта салмақтың патшасын анықтайық". Промоутер Головкинге тағы бір қарсылас ұсынды

  • "Орта салмақтың патшасын анықтайық". Промоутер Головкинге тағы бір қарсылас ұсынды

Жуырда ғана орта салмақтың WBA белбеуінің уақытша чемпионы Крис Юбенкпен жұмыс істей бастаған германиялық промоутер Калле Зауэрланд британдық боксшы мен орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) кездесу ұйымдастыруға кірісіпті. Бұл туралы Boxingnews24.com хабарлап отыр.

"Біздің басты мақсатымыз - Головкинмен кездесу өткізу. Бұл кездесуді орта салмақта өткізіп, дивизионның патшасын анықтайық. Жұрттар Головкиннің қартайып қалғанын айтып, сынап жатыр. Бірақ желтоқсан айында болған кездесуде мен кәрі Головкинді көрмедім. Шынын айту керек, ол соңғы он жылда орта салмақтың ең үздік боксшысы.

GGG - аңыз боксшы. Юбенк пен Головкин арасындағы кездесу Ұлыбританияда немесе АҚШ-та өтуі мүмкін. Бұл бір керемет кездесу болатын еді. Егер Юбенкпен келіспесе, Лиам Уильямсқа қарсы айқасты ұйымдастыруға болады", - деді ол.

Айта кетейік, Юбенк пен Головкин 2016 жылы Лондонда кездесуі мүмкін еді. Бірақ ол кезде британдық боксшы келіссөздерді үзіп жіберді. Сөйтіп қазақстандық боксшы Келл Брукпен (37-2, 25 КО) кездесіп, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Қазіргі уақытта Головкин мексикалық Хайме Мунгия (36-0, 29 KO) деген боксшымен кездесу өткізу үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Олардың жекпе-жегі мамыр айында өтуі мүмкін.

kaz.vesti.kz




Көрілген: 330    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 08:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31