Бокс

Оскар Де Ла Хойя "Канело" - Головкин трилогиясы туралы мәлімдеме жасады

  • © allboxing.ru

    © allboxing.ru

Golden Boy Promotions компаниясының негізін қалаушы және орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (51-1-2, 35 КО) ісін жүргізетін Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) үшінші жекпе-жек ұйымдастыру жайлы ойын айтты.


Боксшылар Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында екі рет жұдырықтасқан: 2017 жылы қыркүйекте тең аяқталды, ал бір жыл өте Альварес төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша, Головкин карьерасында алғаш рет жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айрылды.


Биыл наурызда Головкин DAZN стриминг қызметімен үш жылдық келісімшартқа отырды, Альварес бұл телесеріктеспен былтырдан бері келісімде. Де Ла Хойяның сөзінше, бұл жағдай трилогия ұйымдастыруды жеңілдете түсті.


"DAZN-де ең мықты боксшылар жиналған. Бокс туралы сөз болғанда көпшілік ойына бірден "Канело", Головкин және Энтони Джошуа келеді. Головкин DAZN-мен келісімге келгендіктен, "Канеломен" үшінші жекпе-жек ұйымдастыру жеңіл болады. Өз тарапымнан, бокстың үлкен жанкүйері ретінде, трилогияға дайын екенімді, ұйымдастырғым келеді және өткізе аламын дегім келеді", - дейді промоутер.


 kaz.vesti.kz




Көрілген: 670    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.04.2019, 20:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30