Бокс

"Осыдан қауіптену керек". Сарапшы жеңілмеген қазақ боксшының "Кельтпен" айқасы жайлы

  • "Осыдан қауіптену керек". Сарапшы жеңілмеген қазақ боксшының "Кельтпен" айқасы жайлы

Қазақстандық Жанқош Тұраровпен (24-0, 17 КО) жекпе-жекте британиялық боксшы Тайрон Маккеннің (21-2-1, 6 КО) басымдығы болады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Boxingscene.com шолушысы Элиот Фостер осындай пікір білдірді.

Бірінші жартылай орта салмақтағы он раундты жекпе-жек 12 наурыз Дубайда өтеді.

 
"Қарсыластардың жекпе-жек саны бірдей. Дегенмен мен Маккеннде аздаған артықшылық бар дер едім. Біріншіден, ол жоғары деңгейдегі айқастарда жұдырықтасып көрген. Оның бұрынғы қарсыластары тізімінде мықты боксшылар көбірек. Екіншіден, Тұраров ұзақ уақыт жұдырықтаспады. Бокста жекпе-жектің ұдайылығы шешуші фактор. Бір жарым жылда бір жұдырықтассаң бабыңда бола алмайсың. Үшіншіден, Маккеннің бойы он сантиметрге ұзын, осыны да пайдаланатыны сөзсіз. Алайда қазақстандық боксшының соққысы ауыр. Бұл оның қарсыластарына осыдан қауіптену керек. Маккенн бір қателік жіберсе болғаны, сұлап түсуі мүмкін", - дейді Фостер. 

Еске салайық, Жанқош кейінгі рет 2019 жылы Нұр-Сұлтанда жұдырықтасты. Ол кезде аргентиналық Максимилиано Годойды (32-6-1, 17 КО) нокаутқа түсіріп, титул жеңіп алған. 2020 жылы оның тағы бір титулды айқасы пандемия салдарынан өтпей қалды. Ал Маккенн қыркүйекте WBC International белбеуі үшін кездесуде отандасы Охара Дэвиске (22-2, 12 КО) төрешілер шешімімен есе жіберді. 




Көрілген: 972    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.02.2021, 14:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Наурыз, 17:12
    Левит жеңіліп қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30