Өзбек боксшы ауыр салмақтағы қазақты нокаутқа түсіргеніне қатысты ойын айтты

31 тамыз 2023, 10:59

Аса ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Лазизбек Муллажонов (4-0, 4 КО) қазақстандық Нұрсұлтан Аманжоловты (5-1, 4 КО) жеңгеніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Польшаның Варцлав қаласында өткен бокс кешінде Аманжолов бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді.

 

"Қарсыласым жеңілгенін мойындағысы келмеген сияқты. Өйткені бұрын жеңілмеген спортшыға мұндайды қабылдау қиын. Біздің тактика жекпе-жекті неғұрлым жылдам аяқтау еді. Өйткені мен сегіз раундты айқасқа шығып көрмеген едім", - деп береді Муллажоновтың сөзін Olamsport.com.

 

 

Айтта кетейік, бұл Аманжоловтың карьерасындағы алғашқы жеңіліс, ал өзбекстандық боксшы төртінші жеңісіне жетіп отыр.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz