Өзбек боксшысы америкалық спортшыны ауруханадан бір-ақ шығарды (видео)
Америкалық боксшы Ричард Торрес Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында Өзбекстан өкілі Баходир Джалоловпен кездесті.
91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасатын ол нокаут алып, ауруханаға түскен деп хабарлайды "Р-спорт" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алғашқы раундта нокаутқа түскен Торресті шаршы алаңнан зембілмен алып кетті.
Кейіннен америкалық жедел жәрдем көлігіне дейін өзі барып, Екатеринбургтегі клиникалардың біріне аттанған.