Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

03 тамыз 2021, 11:11

Бокстан Өзбекстан құрамасының тағы бір өкілі Олимпиадада жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

63 келідегі 1/4 финалда Өзбекстан құрамасына кірген қазақ боксшы Елнұр Әбдураимов армениялық Оганес Бачковқа есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады.

 

Айта кетейік, осы салмақта қазақстандық Закир Сафиуллин өнер көрсетеді. Бүгін, 3 тамызда Закир жартылай финалға жолдама үшін аустралиялық Гарри Гарсайдпен жекпе-жекке шығады.