Промоутер Головкин - "Канело" трилогиясына қатысты алаңдаушылығын білдірді

04 мамыр 2022, 18:58

7 мамырда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Р4Р рейтингінің көшбасшысы, мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) ресейлік  Дмитрий Биволға (19-0, 11 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. "Канело" қарсыласын жеңген жағдайда үстіміздегі жылдың қыркүйегінде қазақстандық Генадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші рет кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы vesti.kz тілшісі vRINGe.com сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Осыған орай Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн алаңдап отырғанын білдірді. Оның ойынша, Бивол мексикалық боксшының жоспарын бұзуы мүмкін.

 

"Канело" - Бивол - бұл өте ауыр кездесу. Дмитрий жас қой. Оның бұған дейін рингте ешқандай проблемасы болмаған. Ол ешкімнен жеңілмеген әрі қазіргі әлем чемпионы Джо Смитті оп-оңай ұтты. Оның үстіне ол осы кездесуді ұзақ күтті. "Канелоны" сабау үшін жоғары деңгейде ғана өнер көрсету керек. Сондықтан бұл жігіт қазір өз бабында.

 

"Канеломен" кездестім. Одан: "Қалай? Дайынсың ба?" деп сұрадым. Жауабын көздерінен ұққандай болдым. Оның көздерінде: "Әрине!" деп жазылып тұрды. Бұл ғажап айқас. Өте ауыр. "Канелоның" карьерасындағы қиын кездесулердің бірі болады" - дейді Хирн.