Бокс

Промоутер Головкиннің келесі жекпе-жегіне қатысты ақпаратты аңдамай айтып қойды

  • ©REUTERS

    ©REUTERS

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегін міндетті қарсылас польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) өткізетінін растады. Промоутердің сөзін Boxingscene.com басылымы келтіріп отыр.

 

Хирн жекпе-жек өтетін уақыт пен орынды атады. Сонымен бірге, промоутер өзге боксшысы британиялық Лоуренс Околи (14-0, 10 KO) мен тағы бір польшалық Кшиштоф Гловацки (31-2, 19 KO) арасындағы бірінші ауыр салмақтағы WBO титулы үшін кездесуді Головкин жекпе-жегінің кардына кіргізбек.

 

"Бұл кездесуді Головкиннің келесі жекпе-жегінің кардына кіріктіргіміз келеді, егер шоу Чикагода өтсе. Қазір белгілісі - бокс кеші сәуірде өтетінге ұқсайды. Лондон, Чикаго, Нью-Йорк - осындай бір жерде", - дейді промоутер.

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 730    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.02.2020, 12:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қазан, 14:16
    Головкинге не болды?
    28 Қыркүйек, 08:35
    Бокс. Әлемдік үздік ондық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30