Бокс

Промоутер "Канело" мен Головкин платформасы "тақырға отырғаны" жайлы бар шындықты айтты

  • https://kaz.vesti.kz/

    https://kaz.vesti.kz/

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн Instagram желісінде тікелей эфирде қоданушылармен байланысқа шығып, сұрақтарға жауап берді. Промоутер DAZN стриминг қызметінің шығынға батып, тұралап қалғаны жайлы сыбысқа да тоқтала кетті, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

 

"DAZN туралы жақында жаңалық болады. Естігеннің бәріне сене бермеңіздер. Жұма күні жекпе-жектер кестесін талқылау үшін кездесу өткіземіз. DAZN-мен ешандай қиындық жоқ. Мен пост жазған сайын миллиондаған бот DAZN құлдырап барады, DAZN анау, DAZN мынау деп жазады. Біз жұмада алдағы жекпе-жектерді талқылаймыз", - деп мәлімдеді Хирн.

 

"Канело" мен Головкин платформасы боксшылар гонорарын қиып тастамақ

 

Мұның алдында БАҚ DAZN пандемия салдарынан бокс кештері өтпей қалуына байланысты қаржылық қиындықтарға тап болғанын хабарлаған. Сәуірде 2700 адам жұмыс атқаратын компания қызметкерлер санын азайтуға мәжбүр болды. Ал DAZN-ның басты инвесторы миллиардер Леонид Блаватник қаржыны үнемдеуге шақырған еді.

 

Еске салайық, 2018 жылы Matchroom басшысы Эдди Хирн DAZN платформасымен бір миллиард долларға сегіз жылдық келісімшартқа қол қойды, ол бойынша промоутер жылына 32 шоу өткізуі міндет. Осыдан кейін стриминг қызметіне орта салмақтың басты жұлдыздары қосылды - мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-2-1, 36 КО) 365 миллионға бес жылда 11 жекпе-жек өткізеді, ал қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) - 100 миллионға үш жылда алты жекпе-жек.

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 780    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.05.2020, 16:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қазан, 14:16
    Головкинге не болды?
    28 Қыркүйек, 08:35
    Бокс. Әлемдік үздік ондық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31