Ресейлік боксшы: Мұндай төрешілерді қуып, боксты тазарту керек

03 тамыз 2021, 14:15

Олимпиада ойындарының жартылай финалында 91 килода жаңазеландиялық Дэвиид Ньикуды жеңген ресейлік боксшы Муслим Гаджимагомедов өзінің жекпе-жегінде қазылық еткен төрешіні сынап тастады.

 

Бұл кездесуде Гаджимагомедов төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Бірақ аргентиналық төреші аталған айқастың үш раундында да жеңісті Ньикуға берген.

 

"Аргентиналық төреші жеңісті үш раундта да қарсыласқа қалай берді? Мен осыны түсінбеймін. Шамасы телефонында басқа кездесуді қараған сияқты. Мұндай төрешілерді жұмыстан қуып, шеттету керек. Осылай ғана боксты тазартуға болады. Жекпе-жек барысында ұпай бойынша алда екенімді білдім. Енді финалда кімге қарсы шығатынымды көреміз. Қарсылас не бразилиялық немесе кубалық боксшы болады", - деп келтіреді Гаджимагомедовтің сөзін Ресей Олимпиадалық комитетінің телеграм-каналы.

 

Айта кетейік, Гаджимагомедов әзірше ресейлік боксшылар арасында финалға шыққан бірінші боксшы. Алтынға талас 6 тамыз күні өтеді. Оның қарсыласы бразилиялық Абнер Тейшейра мен кубалық Хулио Ла Круз арасындағы кездесуде анықталады.

 

 

kaz.vesti.kz